«….қалай болу керектігін білмеймін, бірақ сізге қосыламын» атты психологиялық тренинг


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «….қалай болу керектігін білмеймін, бірақ сізге қосыламын» атты психологиялық тренинг

Психологиялық тренинг Адам баласы – тіршіліктің иесі. Адам ата мен Хауа ана жұптасып өмір сүрген кезден бастап жұмыр басты пендеге алла тағала бәрін берді….Сондықтан да өмірде сені жоғарыға да шығаратын, төменге түсіретін де бір адам бар – ол сен өзің. Өзіңді тану өмірге деген құштарлық пен белсенділікті артырары сөзсіз.Өмірдің өзі ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан тұрады. Осы екеуін ажырата білу үшін адам психологиялық тұрғыдан сауатты болуы шарт.

Өзіңді тану. Біз осы сөздің астарын қалай түсінеміз. Өз жан дүниемізге үңілеміз бе? Өзімізге өзіміз баға береміз бе?
Әрине тіршіліктің әр- түрлі қам-әрекетімен алысып жүріп адамдар өзі туралы ұмытып та кететің сияқты. Бірақ санада сені қорғайтын, қандай жағдайда да сенің шын адами қалпыңды сақтайтын нәрсе ол ,ақыл-парасатың, мінезің. Ақыл-парасат, мінез адамның іс-қимылы, әрекеті арқылы сол адам турасында хабар береді. Ендеше біз өз-өзімізді игере, басқара алуымыз керек.

14 наурыз күні Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нағима Тлембаеваның ұйымдастыруымен жағымды эмоцианалдық көңіл-күй қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлер арасында «… қалай болу керектігін білмеймін, бірақ сізге қосыламын» атты тақырыпта психотренинг өтті.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» ,музей директоры Нағима Тлембаева кіріспе сөз сөйлеп, өмірде бізді екі нәрсе құтқара алады, ол махабат пен әзіл… Егерде сізде осы екеуінің біреуі болса, сіз – бақытты жансыз. Ал егерде бұл екеуі де болса – сіз жеңілмейтін жансыз, — деп келген қонақтардың бойына сенімділік оятып, психотренингке белсене қатысуға шақырды.

Психотренинг қонақтары музейдің көркейе түсуіне зор үлесін қосып тарих жанашырлары, туған өлке тарихына ерекше көңіл бөлетін адал перзентері Е.Қазбеков, С.Әйтенов, Ж.Елемесов,М.Үмбеталина Т.Маханбетов, М.Ержанов, Б.Боранқұлова, О.Ұқсақбаев, Ғ.Төлеген, Қайырбай Оразаев сынды азаматтар қатысты.

Оразаев Қайырбай Өмірзақұлы музейдің жаңа заман талабына сай жабдықталуына атап айтар болсақ ел ішіндегі көне көз қариялар ауызынан аңыз әңгімелер, жырлар, күйлер жазып таспаға түсіріп алу үшін диктофон сатып алуға және психотренингтің өтуіне демеушілік жасады.
Тренингтің жағымды нәтижелі болуына психологтар Н.Жақсыбаева, Ж.Бекетова, С.Есбосынов бірнеше психологиялық жаттығу ойындарын ұйымдастырды. Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі — өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет.

Олар психологиялық жаттығулар:
1. «Жетістік – өмірдің нәтижесі емес, жетістік деген бастамасы ғана» «Ароматерапия»
2. «Адамзат үш топқа бөлінеді:*қозғалмайтындар,*қозғалғысы келмейтіндер,*үнемі қозғалатындар» «Молекулалар»
3. «Адамның көзі – жүрегінің айнасы» «Африкалық тайпалар»
4. «Өмірде бізді екі нәрсе құтқара алады, ол – махаббат пен әзіл… Егер де сізде осы екеуінің біреуі болса, сіз – бақытты жансыз, Ал егерде сізде бұл екеуі де болса – сіз жеңілмейтін жансыз» «Күлкі мен жас» психологиялық наным
5. «Өмірде сені жоғарыға да шығаратын, төменге түсіретін де бір адам бар – ол сен өзің» «Өзіңді таны» психологиялық жаттығу
6. «Ішкі күш – бұл өзгенің әуенін құрметтей білу қабілеті, бірақ та өз әуенің мен ішкі үйлесімді билей алуың қажет» «Оркестр» психологиялық іскерлік ойын
7. «Әсілінде, біз өзіміздің жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді тез ұмытамыз. Десек те, бұл дегеніміз дұрыс емес, үнемі өз жетістігіңізді ұмытпаңыз, ол сізге тың күш береді»«Шыныаяқ кофе» аңыз
8. «Өзіңді жалғызбын деп сезінсеңіз, онда қолыңызды жүрегіңізге қойыңыз да – мен осындамын деңіз» «Сырлы хат» психорефлексия тренингтерін өткізді.
Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталды. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Психологиялық сауаттылық жетік, адам көзі ашық, көкірегі ояу болған да адам санасы дұрыс қалыптасатындығы айқындалғандай.

Егер, адам жаны жадыраса, ол әдемі,
Егер адам әдемі болса, онда оның үйінде үйлесім орнайды.
Егер де үйінде үйлесім орнаса, онда елде тәртіп орнайды,
Егер елде тәртіп болса, әлемде тыныштық орнайды.

Сәттілік – жетістікке жетуге кеткен белсенді уақыттың оң нәтижесі.Себебі, белсенділік танытылғанда ғана нәтиже болады, ал сол нәтиженің оң болғандығына сәттіліктің тікелей қатысы бар.
Олай болса, осы айтылғанның бәрі бір адам басында, отбасында, жан дүниесінде болса жағымды эмоциионалдық көңіл-күй қалыптасары анық.Психотренинг адамның жеке басынан барлық қасиеттер бастауын алып, өмір сүріп отырған ортаның мән-мазмұнына тікелей өз әсерін тигізіп қана қоймай оны өзгертетінін де дәлелдеді.
Нағима Тлембаеваның осы тақырыпты таңдап алуының өзі-өмірге деген құштарлықты, әдемілікті жаны сүйетіндігін және осы қасиеттерді иеленсек, бойымызға дарытсақ біз, бақытты да жеңілмейтін жан бола алатынымызды көрсете келе психотренингке әр адам бойына сенімділік күшін оятып, жақсы көңіл-күй сыйлады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *