«Қарты бар елдің қазынасы бар» дегендей аудан мекемелерінің әр саласында еңбек етіп зейнеткерлік жасқа жеткен қарттарымыздың бір сәт тынығу, спорттық ойындардармен шұғылдану мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейнің директоры, «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес төрайымы Нағима Тлембаеваның бастамасымен мәдени мекеме жанынан құрамында 12 ардагері бар «Замандас» атты ардагерлер клубы ашылды. Клуб төрағасы етіп ардагер ұстаз, ғылыми кеңес мүшесі Б.Жоламанов сайланып, жұмыс жоспары бекітілді.