Туризм – мәдениеттің дамуына өзіндік үлесін қосатын сала
Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Зере Тур» ЖШС туроператорлық агенттігімен және Қазақстан туристік ассоциациясымен бірлесіп 2020 жылға дейін Туризмді дамыту бағдарламасын әзірлеу барысында Шалқар ауданына іс-сапармен Құрамбаева Ботагөз Хусайнованың жетекшілігімен келген агенттік қызметкерлері «Даңқ» мемориалы (Бауырластар зираты) мен Кеңес Одағының батыры І.Үргенішбаевтың ескерткішінт, Минералды су цехы, «Бекнұр» қонақ үйін аралады және аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып өлке тарихымен танысты. Сонымен қатар елді мекендердегі «Нұрхан» кемпингіне және Жаңақоныс елді мекенінің солтүстік-батысына қарай 25 км қашықтықта орналасқан 19 ғасырдың басында тұрғызылған тарихи ескерткіш Тоқпан тамының тарихымен танысы. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Сейлова Гүлсара Насрадинқызы сол маңдағы Тоқпан көлі, Тоқпан тұзы туралы тарихи деректерден мағлұмат беріп экскурсия жасады.