«Рухани қазына» фестивалі аясында байқаудың облыстық және республикалық іріктеу сындарына ұсынылатын үздік мемлекеттік мәдениет, мекеме орындары мен қызметкерлердің кандидатураларын тиісті номинациялар бойынша анықтау мақсатында келген комиссия мүшелері С.Бәйішев атындағы кітапхана директорының орынбасары Қ.Райымбаева, облыстық шығармашылық орталығының әдіскері С.Жатыкова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі директорынынң орынбасары А.Ержанов Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс барысымен және «Рухани қазына» фестиваліне қатысу мақсатында жүргізілген жұмыстарымен музей директоры Н.Тлембаева таныстырды. Комиссия мүшелеріне экскурсия жасалып, «Рухани жаңғыру–мәдени даму жолы» атты көрмеге шолу жасалды. Комиссия мүшелері тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.