Хабарлама
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және бірегей мәдени құндылықтардың бірыңғай электрондық мәліметтер базасын құру, жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда еліміздің қалың жұртшылығының назарына ұсыну мақсатында тарихи мәдени ошақтың жүрегі болып табылатын қор бөліміндегі құндылықтарымыздың электрондық базасы дайындалып Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі сайтына жариялағандығын хабарлайды.
Музей сайт: http://www.shalkar-muzei.kz/
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың 30 азандағы 2015 жылғы №7 Қазақстан Республикасының музейлерінің жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкімі аясында музей саясатын қалыптастыру және ісін дамытуға байланысты ғылыми-әдістемелік бағыт, ұсыныс, кеңестер бер және туған өлке тарихын насихаттау, зерттеу, тарихи-мәдени мұраны танымал етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында музей жанынан «Тарих – халық зердесі» атты құрамында 13 адам бар ғылыми кеңес құрылып, 2016 жылы 8 ақпандағы №8 бұйрықпен бекітілді, жұмыс жоспары жасалды.
«Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ