9 МАМЫР Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі “Ешкім ешқашан ұмытылмайды” атты мерекелік шара өткізді. Шараға еңбек ардагерлері, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, мекеме, бөлім басшылары, тарих жанашырлары, мектеп директорлары қатысты. Шара аясында музей ішінен батырлар мен соғыс ардагерлеріне арналған арнайы залдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.