«Дін. Дәстүр. Руханият.» атты облыстық конференция


Ислам біздің дініміз ғана емес ол біздің мәдениетіміз деген ұлы сөз. Бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және XXI ғасырдағы халқымыздың өсіп өркендеуінің басты құралы дініміз.

Шалқар ауданындағы дін қайраткерлерінің өмір деректерімен танысу мақсатында Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан бастаған аудандық мешіт имамдары «Дін. Дәстүр. Руханият.» атты облыстық конференция өткізу барысында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейіне ат басын тіреді.Музейде қонақтарды қонақжайлылықпен қарсы алған ұжым қызметкерлері «Шежірелі Шалқар» атты тақырыпта өлке тарихымен, «Дін мұраты-ынтымақ пен бірлік» тақырыбындағы көрмеге шолу жасап, заманауи бағытта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Музейден рухани байлық алған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, тілек кітабына қолтаңба қалдырды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *