“Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187)
Ораза ұстағандарды «ауыз ашарға» шақыру қасиетті дінімізді де, оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі.
Қасиетті рамазан айының соңғы күнінде оқтын-оқтын көктен нұрын төгіп тұрды. Ораза ұстау үлкен сауап болса, ауыз аштырушы да зор сауапқа бөленеді. Рухани тазалық, имандылық, ата-баба дініне құрмет, игі дәстүр ауызашар беру «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нағима Шенкуловнаның ұйымдастыруымен өтті. Ауыз ашарға «Матай Қоқанұлы» атындағы мешіт имамы Н.Такеев, мәслихат депутаттары, ардагерлер және ораза ұстаған жамағаттар қатысты. Біз қазақ баталы елміз, үлкеннің сөзін жерге тастамаған,-дегендей дастарханның батасы беріліп, құран бағышталды және намаз оқылды. Ауыз ашардың өту барысында «Рухы бай ел-мәңгі өлмейтін ел» атты тақырыбында слайд көрсетіліп, киелі Шалқар өңірінің тарихы №2 мектеп-гимназиясының ұстазы Мырзалина Қазыгүлдің нақышына келтіріп баяндауы, имам Н.Такеевтің имандылық, ораза туралы айтқан насихаты, бастауыш партия төрағасы Н.Тлембаеваның жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және үлгі көрсету туралы айтуымен ерекшеленді. Сөз алған қонақтар алғашқы топограф Б.Халиков, ардагер жазушы, «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшесі С.Карин жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін мәдени орталық музейдің кең залында мұсылмандар қауымының қуанышты күнінде ауыз ашарға келгендеріне жүрек жарды алғыстарын білдірді.