«Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр» атты республикалық конференция


Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр ұрпағы Аманғали Төлебаев баба суретін аудандық мәдениет үйінің суретшісі Жұмағазы Ешмұханбетовке арнайы салдырып музей қорына тапсырды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығына орай 2018 жылдың 24 сәуір күні XVII-XIX ғасырларда қазақ халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күресіп бар өмірін ат үстінде өткізген Кіші жүздің атақты, аруақты батырларының бірі, Хиуа, Қоқан хандығының шапқыншылығына, орыс патшалығының отарлау саясатына қарсы күрескен атақты қолбасшы Жанқожа Нұрмағанбетұлының сенімді серігі, бас батыры-әрі батыр, әрі әулие, әрі данагөй Ақтан Ақайұлы туралы насихаттап, жас ұрпақты туған өлке тарихын оқып-үйренуге баулу және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға Қызылорда облысы Қазалы аудандық «Ғани Мұратбаев» атындағы, Арал аудандық музей қызметкерлері, баба ұрпағы-Шымкенттік С.Қ.Жұмахметов, бабаның алтыншы ұрпағы Миымов Жеңіс, облыстық мәдениет басқармасынан, облыстық тарихи-өлкетану музейінен, аудандық музейлер басшылары, аудан әкімшілігі, мәслихат депудаттары, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері, аудандық музей қызметкерлері, жас тарихшылар, мектеп оқушылары барлығы 500 адам қатысты.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *