Ұлттық мұра – ұлтымыздың ұраны


Ұлттық мұра – ұлтымыздың ұраны,
Қастерлейік осы асыл мұраны.
Ұлтымыздың ұлттық құнды мұрасын,
Біліп өссін әрбір ұрпақ — ұланы!

ҚР.Президенті Н.Назарбаев: «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны ерекше. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі» деген болатын. Осы тұрғыдан келгенде музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады.
Бүгінгі қоғамда , келешек ұрпаққа ұлы бабалардың және көненің көзі болған тарихи жәдігерлерді қастерлеп, құрметтеуге үйрете отырып, олардың бойында еліне, Отанына деген үлкен жүректілік пен патриотизмді қалыптастыру , бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесі үшін кезек күттірмес мәселелерінің бірі . Осы тұста ертеңгі ұлан , баба тарихын , көне жәдігерді, оның қадір – қасиетін қалай біледі және қалай қастерлейді, оны қайдан тауып, өз жадында жаңғыртады деген сұрақтар бала тәрбиесіндегі кез келген азаматты мазалауы сөзсіз. Адам баласы рухани тәлім алатын үлкен мәдени орталықтардың бірі ол – музей.

Музей – адамның біліктілігін арттырып, парасатын толықтырып, жанын оятатын қастерлі орын. Көненің көзін, тарихтың өзін көргісі келген адам міндетті түрде музейге келеді.
— Қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты құндылықтарды іздестіру, музейлік маңызы бар әр жәдігердің тарихын, көрерменге бере тағылымы мен тәрбиелік мәнін насихаттау, мақсатында 19 ақпан күні Ә.Жангелдин атындағы мектептің акт залында аудандық музей қызметкері Әлима Қыдыралина мен аталмыш мектеп мұрағатшысы Алмагүл Меңдіқұлованың ұйымдастыруымен «Ұлттық мұраны ұлықтау» атты шара өтті. Шараға аудандық музей қызметкерлері, мектеп мұрағатшылары, тарихшылар және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мектеп директоры Мұхтар Досбергенұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мұраларын зерттеу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, ұрпақ санасына сіңіру елдің ертеңін ойлаған әрбір зиялы қауымның борышы екеніне тоқталды.
— Аудандық музейдің кіші ғылыми қызметкері Әлима Қыдыралина ұлттық мәдени құндылықтар деген сауалға: Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару екенін атап өтті.
Шара барысында Революционер Әліби Жангелдин атындағы, Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектеп мұрағатшылары Меңдіқұлова Алмагүл, Еркебаева Жанар «Ұлттық мұраны ұлықтау», №8 орта мектебінің мұрағатшысы Сәндібаева Сәнімгүл «Ұлттық киімді ұлықтау» атты тақырыптарда баяндама жасады. Жантанушы Баекешова Нұргүл сергіту жаттығуларын жасатса, Сұлтанов Асхат жырдан шашу шашты.
Ой түбінде жатқан сөз ,
Шер толқытса шығады, — деп бабаларымыз айтқандай , бүгінгідей ойды ой қозғайтын ойласар ойларымыз, тоғысар тойларымыз көп болсын!

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану
музейінің қызметкері Қуанжанова Айгүл Аманқызы


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *