«Дін мен дәстүр – егіздей жұп» атты дөңгелек үстел


«Дін мен дәстүр – егіздей жұп» атты дөңгелек үстел

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №1 мектеп — гимназиясы бірлесіп қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналған дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіндіру, ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге, салт-дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы екендігін түсіндіру мақсатында «Дін мен дәстүр – егіздей жұп» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық Матай Қоқанұлы атындағы мешіт имамы Ж. Шахатаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істер бойынша қызметкері Н.Қаниятов, ардагер ұстаз З.Алдакенова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Омарова, мектеп директоры Қ.Тлеш, аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында тарих пәні мұғалімі М.Сүйіншалина кеш қонақтары мен оқушыларды «Дәстүр», «Дін», «Тағылым» топтарына топтастырып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға аудандық Матай Қоқанұлы атындағы мешіт имамы Ж. Шахатаев нақты жауап беріп, «Қазақ салт-дәстүрлері және дін» тақырыбында бейнебаян көрсетілді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *