«Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта кеш өтті


«Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта кеш өтті

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінің бірлескен жылдық жоспарына сәйкес «Мейрімділік шуағы» атты бұрыш ашылып оқушыларды атадан мұра болған жәдігерлермен таныстыру жүйелі түрде жүргізіле отырып, 28 мамыр күні музейде педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиеленуші оқушыларының қатысуымен «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыта отырып, өлке тарихымен таныстыру, туған жерге айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта кеш өтті. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең шумақтарын оқып, ән-шашуларын жолдады. Төлеуғали Жансаяның әжесі Мейрамгүл Сақиқызы ата-аналар тарапынан шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Кеш соңында ата-аналарға, оқушыларға экскурсия жасалып, суретке түсірілді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *