«Туған жерге тағзым» акциясы
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, жеткіншек ұрпақты өткеннің шежіресі тарихи ескерткіштерімізді құрмет тұтуға, батыр бабаларымыздың өмірі мен ерлік істерін насихаттауға тәрбиелеу мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15 маусым күні аты ұранға айналған батыр Бақтыбай Төлесұлының Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының алдында орнатылған ескерткішіне музейдің экскурсия жүргізушісі Г.Сейлова, аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенғалиев Есен Серікұлының ұйымдастыруымен сынып жетекшісі Ниямағанбетова Баянның жетекшілік етуімен 9 сынып оқушыларына экскурсия жасалды. Экскурсия барысында батыр баба туралы нақты деректерге шолу жасады.