Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Көрісу мерекесі»


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Көрісу мерекесі» аталып өтті

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының батыс аудандарында бүгін 14 наурыз Көрісу мейрамы. Бұл күні адамдар алдымен өз үй-ішімен, сосын көрші-көлем ағайынды жағалап көрісіп шығады. Көрісуге келген балаларға үлкендер тәттілерін таратып мәз-майрам болады.

Міне, осындай дәстүрлі мерекені ауданымыздағы киелі орын музей де атаусыз қалдырмады. Музейге келген қаламыздағы Әбумәлік Досмырзаев бастаған транстелеком ұжымы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымын Көрісу мерекесімен құттықтап, ақтан ауыз тиіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Осындай ата-бабамыздан келе жатқан мерекелер жалғасын тауып, мереке мерекеге ұлассын!


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *