Республикалық ғылыми –танымдық конференция
Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің 50 жылдығына орай «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы музейлердің ролі» атты республикалық ғылыми –танымдық конференция. Өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын музей болғандықтан Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі нің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы музейлердің ролі» атты республикалық ғылыми –танымдық конференция өтті. Конференцияға Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Қазалы аудандық Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі арасында жасалған екі жақты меморандумға сәйкес Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми кеңес және Өлкетанушылар секциясының мүшелері қатысты.
Экскурсовод Г.Сейлова «Шалқар музейінің қызметін дамытудағы инновациялық жұмыстары туралы» тақырыбында баяндама оқыды.
Ақтан ауылындағы №190 мектепте және қала ішінде орналасқан тарихи ескерткіштерге экскурсия жасалды.
Мақсаты :
— музей қызметін жандандыру;
— ұлттық сананы жаңғырту;
— ұлттық бірегейлікті сақтау;
— прагматизм, білім мен руханиятты қайта түлету;
— әлем өркениетімен сусындату.