
«Менің туған жерімнің өткені, бүгіні, келешегі» атты экскурсия
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, болашақ ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.Ш.Тлембаеваның ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» атты жасақталған көрмеге №2 мектептен Б.Жұбаеваның жетекшілігімен келген 8 «б» сыныбының оқушыларына кіші ғылыми қызметкер Ә.Қыдыралина 100- ден аса кітап топтастырылған көрмеге шолу жасады, «Елбасы жолы» атты бейне ролик көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға «Өзін-өзі тану: Махабат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында «Менің туған жерімнің өткені, бүгіні, келешегі» атты экскурсия жасалды.