«Еңбектенген жетер мұратқа» атты дөңгелек үстел


«Еңбектенген жетер мұратқа» атты дөңгелек үстел

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №8 жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып жетекшісі Г.Нұримановамен бірлескен түрде еңбекшілер мерекесіне орай «Еңбектенген жетер мұратқа» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты:
— Еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру;
— Адал еңбекке баулу;
— Еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.

Дөңгелек үстелде шақырылған қонақтар жеке кәсіпкер, зейнеткер К.Мұханбеталиева және ұстаз А.Қалдина оқушылармен еркін түде әңгімелесіп, еңбек жолдары, жеткен жетістіктер мен қиыншылықтары туралы ой бөлісті. Оқушылар келген қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын еркін қойып, қызу пікірталас жасады.

Қатысқаны: 19 оқушы, қонақтар, музей қызметкерлері.
Барлығы: 25 адам


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *