«Әлем дәрігері Серік Ақшолақов» атты экспозиция


«Әлем дәрігері Серік Ақшолақов» атты экспозиция

«Ұлылық жердің кеңдігімен, таудың биіктігімен, теңіздің тереңдігімен өлшенбейді. Тіпті ел байлығы да, жер асты қазынасы да таразы басын тарта алмайды. Елдің елдігін танытатын да, тарихын жасайтын да, артына өшпес із, өлмес мұра қалдыратын да, оның ұлы перзенттері. Ұлылықтың теңдесі жоқ өлшемі осы». Міне осындай ұлы перзенттеріміздің бірі туған қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігін, ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінің амандығы мен тұтастығын сақтау үшін қан төгіп, жанын беріп күрескен бірі әрі батыр, әрі би Шекті Тілеу батырдың ұрпағы, Әлем дәрігері, нейрохирург Серік Ақшолақов құмы құт, шөбі шүйгін батыр да, ғалым да шыққан туған жеріндегі өзі киелі де, қасиетті қарашаңырақ деп бағалайтын тарихи орын музейге ат басын тіреді. Туған жерге келгенде бір мезгіл тыныстап, рухани азақ болатын әруақты орынға өзінің қадірлі қонақтарын таныстырып қайтуды жөн көргенін айтты. Музей директоры Н.Тлембаева қызметкерлерімен бірге қонақтарды қарсы алып, алдымен тақырып бойынша Тәуелсіз Қазақстан залында жасақталған «Әлем дәрігері Серік Ақшолақов» атты экспозициямен таныстырып, естелік суретке түсті. Қонақтар музей құндылықтарын тамашалап, әруақтарға арнап құран бағыштады және алғыстарын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *