«Қазақ халқының ұлттық бұйымдары» атты жылжымалы көрме
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымыз, қазақ елінің тарихи мұралары туралы насихаттау мақсатында Шалқар аудандық тарихи – өлкетану музейі жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 11 қазанда «Қазақ халқының ұлттық бұйымдары» атты жылжымалы көрме №1,2,3 қала мектептерінде ұйымдастырылды.
Мақсаты: ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, өткен ғасыр тарихымен бірге келе жатқан қазақтың қол өнерін, ұлттық нақыштағы киім мәдениетінің ерекшеліктерін, біздің дәстүрлі мәдени руханилылығымыздың дамуын насихаттау. Атадан балаға мұра болған құндылықтарды ұмытпай қадір тұтуға, жастарды патриоттыққа баулу.
Көрмеге: Бекмағанбетов Қанаш атаның күпі, саптама етігі, Әлімжанов Меңдіғалидың шекпені, байпақты етігі, Оразаева Назира апаның түйе жүнінен тоқыған шекпені, Сүлейменова Зина апай загрен матадан тігіліп, іші қарсақ терісімен астарланған ішігі, 19 ғасырда етікшілікпен айналысқан Оразов Сары пайдаланған байпақ басатын құрал жиынтығы және басқа да ұлттық бұйымдар мес, бүйен және қайыстан тігілген аяқ киім түрлері, қалыптары қойылды. Атадан балаға мұра болған жәдігерлер мектеп оқушыларының үлкен қызығушылықтарын туғызды.