«Саналы ұрпақ -жарқын болашақ» тақырыбында азаматтық және патриоттық сабақ
Білім күніне орай аудандық музейдің қор сақтаушы қызметкері А.Қуанжанова мен №3 мектептің ұстаздары Л.Жандосова, Ү.Шоқанбаеваның бірлесе ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ -жарқын болашақ» тақырыбында азаматтық және патриоттық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға музей экспозициясындағы атақты жерлестеріміз Ө.Сейтов, С.Ақшолақов, С.Беркінбаев, В.М.Архипов туралы толық мәліметтер берілді және музей залдарына экскурсия жасалды.
Мақсаты : жергілікті жеріміздің тарихы, мәдениеті, атақты тұлғалары мен қасиетті жерлері арқылы патроитизм сезімдерін дамыту.