«Елбасы жолы» дөңгелек үстел


«Елбасы жолы» дөңгелек үстел

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Ақтөбе облыстық партия филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Елбасының замандастарының қатысуымен Шалқар аудандық филиалы жанындағы Үздік атанған «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.Ш.Тлембаеваның ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Модератор А.Ж.Дүйісов еліміздің көшбасшы партиясының тарихымен таныстырды.
Алғашқы сөзді «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Шалқар ауданының Құрметті азаматы», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» замандасы Төлеуов Қалмұқан Төлеуұлы сол кезеңдегі әлеуметтік жағдайындағы ауыртпалықтар, білім алу және тіл мәселеріне, Елбасының Қазақстанның қорғаудағы еңбектеріне тоқталып өтті. Ал, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Жоламанов Бағжан Жиенбайұлы балалық шағында мектепке қатынаудың өзі қиыншылықта болғанын, тәуелсіздік арқасында жастар бақытты деді. «Шалқар ауданының Құрметті азаматы», «Еңбек ардагері», «Жыл адамы» Оразбай Әділбайұлы 2005 жылы Шалқар халқы атынан Елбасымен телекөпір арқылы Жезқазған – Бейнеу теміржолының Шалқар үстінен өту ұсынысын айтқаны туралы айтып берді. «Шалқар ауданының Құрметті азаматы» Қосымов Мақсат Сейлбекұлы өзінің «Отан» партиясы қатарына алғашқылардың бірі болып 54 жасында қабылданғанын, Елбасы саясатын әрқашан қолдайтындығын айтып, жастарды еңбек етуге шақырды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *