«Атамекен-асылым» ардагерлер халықтық ансамблі музейде қонақта.
«Атамекен-асылым» ардагерлер халықтық ансамблі Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қонақта болды. Қонақтарға кіші ғылыми қызметкер Ә.Қыдыралина экскурсия жасады. Музейдің тынысымен таныса отырып, музей директоры Н.Тлембаева инновациялық жаңашыл программа 3Д арқылы вертуалды бағдарламасымен таныстырды. Қасиетті жұма күні жеті нан мен ақтан дәм татып, құран бағыштады. Келген қонақтар музей ісіне ризашылықтарын білдіріп, тілек кітабына қолтаңба қалдырды.