Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған экспедиция құрамында «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері, музей қызметкерлері іс –сапармен Айшуақ елді мекеніне барды.Игілікті істің бірі Жарас мерген ұрпағы бір ғасырды алқымдаған 107 жастағы Құдайберген (ел арасында Қарашолақ атанып кеткен ) қариямен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Жарас мергеннің аңшылықпен айналысып, бір рулы елді асырауда пайдаланған мылтығын көзбен көріп, қолмен ұстап, қария аузынан деректер жинап қайтты.