Музейдегі инновациялық жұмыстар:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың 30 қазандағы 2015 жылғы №7 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының музейлерінің жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкімі аясында «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» атқарылған жұмыстары:
Қазіргі таңда музей жанынан «Тарих – халық зердесі» атты ғылыми кеңес құрылды. Ғылыми кеңес мақсаты- музей саясатын қалыптастыру және ісін дамытуға байланысты ғылыми-әдістемелік бағыт, ұсыныс, кеңестер беру және туған өлке тарихын насихаттау, зерттеу, тарихи-мәдени мұраны танымал етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, іс-шараларды ұйымдастыру (төрайымы музей директоры Тлембаева Н.Ш).
— музей қорындағы мәдени құндылықтарымыз электрондық базаға тіркелді;
— музей экспонаттарының электрондық нұсқасын дайындап, еліміздің қалың жұртшылығының назарына ұсыну үшін Ақтөбе облысындағы аудандық музейлер арасынан алғашқы болып Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің сайты 2013 жылы ашылды:
Сайт: http://www.shalkar-muzei.kz/ ;
Электронды жәшігі: shalkarmuzey@mail.ru , facebook ашылған.