2014-2018 жылдар бойынша қорытынды есебі


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің 2014-2018 жылдар бойынша қорытынды есебінің салыстырмалы көрсеткіші

Тарихи сырға толы киелі Шалқар өңіріндегі мәдени орын аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметін дамытудағы жұмыстарын музей директоры Н.Тлембаева соңғы 5 жыл ішінде өткен мен бүгінді уақыт талабымен үндестіре отырып, заманауи бағытпен ұштастыра жүргізуде. Осы орайда өзінің ел-жұртын, әлеумет алдындағы жауапкершілігін терең түсінетін демеушілеріміздің көмегімен алғашқы болып, 2013 жылы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің сайты ашылып, музей жаңалықтарын, өткізген мәдени шаралар, құнды мұралар мен экспедиция жұмыстары туралы баспасөз беттерінде, истаграм, фейсбук, сайт желілерінде жарияланып, еліміздің қалың жұртшылығының назарына ұсынылуда.

Музей құндылықтарын зерттеу, жинақтау, сақтау және сол тарихи мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, насихаттау арқылы музейге келушілер санын арттыруды мақсат еткен музей қызметкерлері жоспарлы түрде мектеп оқушылары мен бала-бақшада тәрбиеленуші жас өспірімдерге қаламызда орналасқан ескерткіштерге саяхат жасау, мәдени шаралар өткізу, ауыл, қала мекемелерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастыру, тарихи жерлерге экспедицияға шығу жұмыстарын жүргізудің нәтежиесінде жылма-жыл көрермендер саны көбейіп, шамамен 16 000-нан астам көрермендердің қызығушылықтары арттырылуда.

Міне, мол ізденіспен тынбастан еткен қажырлы еңбек пен жаңашылдықтың көрсеткіші бағаланып 2009, 2012, 2016 жылдары облыстан «Үздік аудандық музей», 2018 жылы аудан әкімінің атынан «Үздік мекеме-2018» атағына қол жеткіздік.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *