Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің 2013-2018 жылдар бойынша қор құндылықтарының салыстырмалы есебі.
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы ашылды. Алғашқыда ел тұрғындарынан жинақталған 500 экспонаты бар музейдің қазіргі таңдағы негізгі көрсеткіші мен мақтанышы 11 571 экспонаты бар музей қоры.
Қор құндылықтарын жарнамалау, экспонаттар қорын толықтыру мақсатында 2016 жылы электрондық базаға тіркеу жұмыстары басталып, 2018 жылы аяқталды. Электронды базаның ашылуына облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Бердібек Шәкірбекұлы демеушілік жасады.
Электрондық база : САЙТҚА ӨТУ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өлкеміздің тарихын келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында топырағынан есімдері аңызға айналған киелі батырлар, атақты би-шешендер шыққан, тарихи мәдени мұраларымен, емдік шипалы жер-су байлықтарымен республикада ерекше орын алатын аудандардың бірі Шалқар өңірінің тарихи жерлері туралы мәліметтер жинақтау, зердерлеу, насихаттау жұмыстары алдағы уақытта жалғаса береді.