Жылқаман Отыншыұлы


Жылқаман Отыншыұлы
(1712-1796)

Жылқаман батыр — 1712-1796 жылдары өмір сүрген тарихи тұлға, қазақтың майталман қолбасшыларының бірі. Оның бір ерекшелігі, өз заманындағы батырлардың арасында алғаш мылтық ұстаған және өте мерген, шапшаң адам болған. Кіші жүздің алты Әлімнің ішінде Шекті руының Жақайым аталығының батыры Жылқаман Отыншыұлы 1712 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекенінде дүниеге келген. 1796 жылы 84 жасында дүниеден озып, Қарақалпақ жерінде Нұрата өңірінде жерленген.

Жылқаман батыр жоңғар-қалмаққа, Сыр бойын мекендеген Кіші жүз қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтарында қайтпас батырлығымен, көзсіз мергендігімен, жауды жайпап, теңдессіз ерлік көрсеткен. Жылқаман батыр елінің азаттығы үшін жоңғар шапқыншылығына және Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан сол уақыттағы Батыр сұлтан, Сырым Датұлы, Құлбатыр, Сартай, Жанқожа, Толыбай, Есет, Көтібар батырлармен тізе қосып, біріне аға, біріне іні болып, талай шайқастарды басынан өткізген.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *