Есет – Дәрібай мемориалдық кешені
XIX ғ. Әлімнің Шекті руынан шыққан қазақтың белгілі батырлары Есет,Дәрібай Көтібарұлының басына тұрғызылған ескерткіш. Шалқар қаласынан 63 км. орналасқан. Бұрынғы күмбездің жобасы төрт бұрышты, төрт күмбезден өрілген. Қабырғалары әшекейленіп боялған. Күмбезді сәулетші Еспенбетұлы Қоқыштың басшылығымен салған. 1993 жылы батырдың туғанына 190 жыл толуына орай күмбез қайта жаңғыртылып, суға, желге, төзімді кірпіштен тұрғызылып, мәрмәр таспен көмкерілген. Қасына ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті қайраткерлерінің есімдері ойылып жазылған мұнара орнатылды. Бұл мұнара Сарбұлақ мекенінен оңтүстік батыста 10 шақырым.