Қос батыр Тілеу Айтұлы мен оның ұлы Жолдыаяққа арналған ескерткіш
Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне Шымкент қаласының Мәделі қожа көшесі бойында қазақтың қос батыры Тілеу Айтұлы мен оның ұлы Жолдыаяққа арналған ескерткіш. Тас мүсін Қажымұқан атындағы орталық стадионның батыс шетіндегі гүлзар баққа орна¬ды. Тарихи кешеннің авторы — мү-сінші Әбдікәрім Ахметов. Ескерткіштің биіктігі — 10 метр. Тұғырдың үстінде атқа қонған Тілеу Айтұлы мен оның ұлы Жолдыаяқ батырдың мүсіндері — 5 метрді құрайды.