Қайдауыл батыр Едігеұлы
(1766 – 1839 ж.ж)
Көтібар, Арыстан, Достан сынды батырлардың замандасы.Қайдауыл мен Көтібар ел қорғандары ретінде бірі сыртта болса,екіншісі іште ел ішінде тосқауыл болған.Ол ел намысын қорғап бес қаруын шешпей ат , жорық үстінде өмір кешкен тарихи тұлға.XVIII ғасырдың 80-90 жылдарындағы Түрікпен шабысына, башқұрттар мен Жайық бойы атты казактарының шапқыншылықтарындағы 30-ға тарта жекпе-жектік айқастарда қаһармандық көрсетіп, жеңіске жеткен, сол арқылы елінің мерейін асырған, қазақ жамиғатына танымал ірі тұлға. Қазақ елінің ержүрек батыры, ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі Қайдауыл батыр Едігеұлы заманында ел намысын қорғаған, сонымен қатар бірлікті мақсат тұтқан айтулы шешен де. Көтібар батыр оны «Қазан жүрек қас батыр» десе, орыс казактары сыртынан «Қара пері» деп ат қойған.