Тәуелсіз Қазақстан — бөлімінде ҚР мемлекеттік нышандары мен рәміздеріне арналып бұрыш жасалған. Атақты жерлестеріміз Нәби Жақсыбаев -Қазақстандағы алғашқы түрлі-түсті металургия инженері, Төлепберген Төлебай-экономика ғылымының докторы, профессор, Владимир Михайлович Архипов-генерал-полковник, Тәңірберген Жалмағанбетов-генерал-майор, Төлеубай Төлепбергенов-тарих ғылымының кандидаты, Бегежан Сүлейменов — тарих ғылымының докторы, Төлеу Бәсенов-алғашқы қазақ сәулеткері, Әбдіжәміл Нұрпейісов-№1 қазақ орта мектебінің түлегі, жазушы, Дәулет Үмбетжанов-физика — математика ғылымдарының докторы, Бибігүл Иманғазина -жазушы, Серік Ақшолақов-нейро -хирург, әлем дәрігері, Үмбетбай Уайдин -сатирик жазушы т.б.. Еңбек ерлері Смағұл Маманбаев, Елубай Ерімбетов, Алексей Тихонов, Жұмабек Дүйісов, Ысқақ Абдулин, Нағым Қобландин туралы топтастырылған;