Құрылған жылы:
1987 жылы 6 қарашада ашылып алғашқы екі жыл қоғамдық негізде жұмыс істеді.

Негізі:
Музейдің ашылуына бастама көтеріп, зор үлесін қосқан, 1986-1991 ж.ж. аралығында Шалқар аудандық партия комитетінің бірінші секретары Мәлік Наурызғалиұлы Жекеев.
Қызметі , музей бағыты Өлке тарихына байланысты жәдігерлер жинақтау, зерттеу, насихаттау.

Музей директорлары:
1987- 2002 жж. Ізтаева Гүлнар Обайдуллақызы;
2002 -2009жж. – Дүйсенбаев Әкімжан Қоңдыбайұлы;
2009- 2013 жж. — Ізтаева Гүлнар Обайдуллақызы;
2013 жылы сәуір-қыркүйек – Алдияров Өтеғұл Мұхиядинұлы;
2013 жыл қыркүйек айынан бастап – Тлембаева Нағима Шенекуловна.

Ғимарат сипаттамасы:
1955 салынған, 1987 жылы музей үйіне берілді.

Көлемі:
Жер көлемі –1183 кв.м
Құрылыс алаңы — 390 кв.м
Экспозиция — 223 кв.м
Қор — 18,7 кв.м
Бау-бақша — 357 кв.м
Музей қызметкерлері мекеме ауласына бау-бақша өнімдерін(картоп, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша) егіп, одан шыққан өнімдерді қаладағы жалғыз басты мұқтаж жандарға 1 қазан қарттар күнінде тегін үлестіріп береді.

Қорда:
Барлығы – 10830 экспонат
Негізгі қор – 9185 экспонат
Қосымша қор – 1645 экспонат
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың 30 қазандағы 2015 жылғы №7 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының музейлерінің жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкімі аясында музей қорындағы мәдени құндылықтарымыз электрондық базаға тіркеліп, сайтта жарияланды.Аудандар арасында…

Музей құрылымы:
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі 7 бөлімнен құрылған:

  • Этнография;
  • Батырлар;
  • Өнер;
  • 20-40 жылдар Шалқар өңірі;
  • Ұлы Отан соғысы;
  • Тәуелсіз Қазақстан;
  • Табиғат.

Музейдің құндылықтары:
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі құндылықтары:
1847-1858 жылдардағы шекті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы Есет Көтібарұлының — мылтығы .
Тапсырған: баба ұрпағы Сейтмәмбетов Шәмеш.

1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі
ел ішінде әрі батыр, әрі би, әрі молда, әрі мырза атанған Қарағұл батырдың — қылышы.
Тапсырған: ұрпағы Сағидулла Қарағұлов

1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысушы Кіші жүз Әлім Шектіден бастау алатын Қабақ руынан шыққан Қарағұл Қонақбайұлы мен Есет Көтібарұлының үзеңгілес, майдандас досы Әзберген Мұңайтбасұлының — найзасының ұшы.
Тапсырған: ұрпағы Әбжәт Назарбаев

1715-1760 жылдар аралығында жоңғар басқыншылығы мен патшалы Россияның отаршылдық саясатына қарсы қазақтың қаһарманы, ұранға шыққан Бақтыбай бабаның бейітінен табылған — шырағдан.
Тапсырған: ұрпағы О.Әділбайұлы

Тотан байдың қазаны — Тотан Уақбайұлы үш мың жылқысы бар, бай болыпты.
Тапсырған: Ізтілеу Бүркітәлин

Музейден шығарылған басылымдар:
1) Газет — «Музей үні» — 2014 жыл таралымы 95 дана.
2) Кітап — «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын насихаттау және музейдің 2014 жылы атқарған жұмыстары. Құрастырған: Тлембаева Нағима Шенекуловна. Шалқар қаласы, типография ИП“Балқия”, 2014жыл – 190 бет.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к., 35.
Тел: 8(71335) 21 5 39.
Электронды жәшік: Shalkarmuzey@mailru
3) Кітап — «Нұрлы болашақ жолында» атты «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы аясындағы партиялық жобалар барысында атқарылған жұмыстар қамтылған. Құрастырған: Тлембаева Нағима Шенекуловна, Қыдыралина Алима Балмұхамбетқызы. Шалқар қаласы: типография «Балқия», 2015 жыл – 205 бет.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к., 35.
Тел: 8(71335) 21 5 39.
Электронды жәшік: Shalkarmuzey@mailru
4) Кітап – «Ұлы тау аласармайды, ұлылар ұмытылмайды» атты жинақ ҰОС ардагері, ұшқыш, «Қызыл Жұлдыз» иегері Қуандық Ақшолақов туралы. Құрастырған: Тлембаева Нағима Шенекуловна, компьютерде терген Қыдыралина Алима Балмұхамбетқызы. Шалқар қаласы: типография «Балқия», 2015 жыл – 67 бет.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к., 35.
Тел: 8(71335) 21 5 39.
Электронды жәшік: Shalkarmuzey@mailru
5) Кітап — “Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі” бастауыш партия ұйымының портфолиосы. БПҰ-ның жетістіктері, иновациялық жұмыстар, жаңа ынталы жобалар, өзекті мәселелер мен оның келешегі,ұсыныстар , өзара қарым-қатынас тәжіриебесі.
партияның жобалары, қамтылған. Құрастырған: жоба жетекшісі
Тлембаева Нағима Шенекуловна, компьютерде терген Қыдыралина Әлима Балмұхамбетқызы. Шалқар қаласы: типография «Балқия», 2016 жыл -76 бет.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к., 35.
Тел: 8(71335) 21 5 39.
Электронды жәшік: Shalkarmuzey@mailru

Мәдени-ағарту жұмысы:
Экскурсия, дәрістер оқу, кездесу, конференция, экспедиция, кештер өткізу және БАҚ арқылы музей ісін насихаттау.

Музейге келушілер:
2012 жыл -7643 адам
2013 жыл -7872 адам
2014 жыл -13505 адам
2015 жыл -13550 адам
2016 жылдың жарты жылдығы – 7840 адам

Экскурсиялар:
2012 жыл — 129адам
2013 жыл -163 адам
2014 жыл -374 адам
2015 жыл -380 адам
2016 жылдың жарты жылдығы — 183 адам

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *