Батырлар


Батырлар — бөлімінде қазақ елінің астанасы болған қасиетті де, киелі Түркістанды жаудан қорғаймын деп Сайрам соғысында опат болған, елдің бірлігін ту етіп ұстаған Тілеу Айтұлы, алдағы мың жылдығын болжап өткен Мөңке Тілеуұлы, Мырзағұл Шыманұлы, Достан би, «Біздің ел отырады Қобда жайлап, Қоңынан жарылады бота-тайлақ, Әлімнің найза ұстаған батырлары, жауына аттанады «Бақтыбайлап» деп, аты ұранға шыққан Бақтыбай Төлесұлы, шекті руынан шыққан белгілі тарихи тұлға ,ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» драмасындағы басты кейіпкер Көтібар Бәсенұлы, ержүрек батырлар Есет-Дәрібай, Қарағұл, Әзберген, Қайдауыл, Арыстан, Жарас мерген туралы тарихи деректер сыр шертеді.

1847-1858 жылдардағы шекті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы
Есет Көтібарұлының мылтығы
Тапсырған: баба ұрпағы Сейтмәмбетов Шәмеш
1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі
ел ішінде әрі батыр, әрі би, әрі молда, әрі мырза атанған Қарағұл батырдың қылышы.
Тапсырған: ұрпағы Сағидулла Қарағұлов
1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысушы Кіші жүз Әлім Шектіден бастау алатын Қабақ руынан шыққан Қарағұл Қонақбайұлы мен Есет Көтібарұлының үзеңгілес, майдандас досы Әзберген Мұңайтбасұлының найзасының ұшы.
Тапсырған: ұрпағы Әбжәт Назарбаев
1715-1760 жылдар аралығында жоңғар басқыншылығы мен патшалы Россияның отаршылдық саясатына қарсы қазақтың қаһарманы, ұранға шыққан Бақтыбай бабаның бейітінен табылған шырағдан.
Тапсырған: ұрпағы О.Әділбайұлы
Тотан байдың қазаны
Тотан Уақбайұлы үш мың жылқысы бар, бай болыпты.
Тапсырған: Ізтілеу Бүркітәлин
Жез поднос
Пайдаланған әрі батыр, әрі би Мырзағұл Шыманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *